Копашова Аманкул Сабырхановна

Копашова Аманкул Сабырхановна 1964ж 24 мамырда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Қызыл өзен ауылында  дүниеге келді. 1971-81 жылдары Ақшұқыр ауылы Ералиев(қазіргі Әбдіхалықов) орта мектебінде білім алды. 1981-83 жылдары осы мектеп кітапханасында жұмыс жасады. 1983-88 жылдары  Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында оқып, үздік дипломмен аяқтап, еңбек жолымды  өзім оқыған Ералиев орта мектебінде бастады.

Еңбек жолдары:

  • 1991-2009 жылдары Ақтау қаласындағы №21 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі,
  • 2009-2014 жылдары Ақшұқырдағы Әбдіхалықов мектебінде тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар, 2015 жылдан бастап жаңадан ашылған Ақшұқыр мектеп-лицейінде мектеп әдіскері болып жұмыс жасады.

Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

  • 2012ж ---- «Тәрбие жұмысы бойынша топ-менеджер әрекетін стратегиялық жоспарлау», Алматы
  • 2013ж ---- « Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсы» , Алматы қаласы
  • 2016 ж --«Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» курсы Алматы

Марапаттары мен жетістіктері:

  • 2009 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының Мақтау Грамотасы
  • 2009 жылы «Мұғалімдер олимпиадасы -2009» облыстық сайысының  І дәрежелі дипломы
  • 2010 жылы мектепішілік «Үздік сынып жетекші-2010» иегері
  • 2011 жылы ауыл әкімінің Алғыс хаты
  • 2012 жылы республикалық  Өрлеу біліктілікті арттыру  институтының Грамотасы
  • 2013 жылы «Нұр Отан»  ХДП облыстық филиалының «Алғыс» хаты
  • 2013 жылы  облыстық білім басқармасының«Құрмет грамотасы»,
  • 2014 жылы ауыл әкімінің алғыс хаты
  • 2014 жылы Аудан әкімінің «Жыл мұғалімі» атағы
  • 2014 жылы Халықаралық оқытушылар сайысының «Менің инновациялық сабағым» номинациясы бойынша ІІ орын жүлдегері
  • 2014ж – аудандық «Үздік педагог- ұйымдастырушы» сайысының «Бас жүлде» иегері
  • 2015 жылы -«Ақпараттық және инновациялық технологиялар ролі» аудандық семинар «үлгілі» сабақ көрсеткені үшін Алғыс
  • 2015 жылы - Республикалық «Озық педагогикалық идеялар» сырттай байқау, ІІІ орын
  • 2015 жылы – халықаралық оқытушылар сайысы «Үздік сабақ-2015» байқауы, І орын
  • 2016 жылы – облыс әкімінің Алғысы
  • 2016 жылы – «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына енді, 01-1-2016ж
  • 2016жылы мектепішілік «Үздік орынбасар-2016» атағы
  • 2016 жылы – Республикалық  Өрлеу порталының Мақтау Грамотасы
  • 2017 жылы --- Маңғыстау облысы білім бөлімінің Құрмет Грамотасы
  • 2017жылы --- «Платон» халықаралық білім дамыту орталығының «Үздік педагог» медалі
  • 2017 жылы--- Маң,ыстау облысы әкімдігінің «Үздік әдістеме ұсынушы» номинация иегері
  • 2017 жылы --- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысы

Тәжірибе алмасу жұмыстары: 

  • 2009 жылы 8 сыныпқа арналған «Ағылшын тілі пәні бойынша оқу модульдері»
  • тақырыбындағы көмекші құралы  облысқа таратылды
  • 2009 жылы 11 сыныппен «National passions in some countries» облысқа онлайн сабақ
  • 2013 жылы 8 сыныппен «Optional lesson» тақырыбында облысқа онлайн сабақ
  • 2011 жылы аудандық семинарда «My pride – my independence» сыныптан тыс жұмыс
  • 2015 жылы аудандық семинар «“If I were a millionaire” ашық сабақ
  • 2016 жылы облыстық семинар «Оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау» коучинг
  • 2017 жылы облыстық семинар «Gerund.Participle.Infinitive» дәріс сабақ

Баспасөзге жарияланған материалдары:

  • 2009ж «Маңғыстау мұғалімі» - ашық сабақ материалы,
  • 2012ж «Ақкетік арайы» аудандық газеті ---«Жақсылық жасауға асығайық»,
  • «Жыл білімпазы-2012»,»Мамандығым – мақтанышым» мақалалары
  • 2012ж - «Маңғыстау» -  Салауатты өмір салтын сақтаймыз»,
  • 2013ж - «Маңғыстау» - Қарттарын қадірлеген елміз», «Шәкірт бойына ұлттық құндылықтарды сіңірген» мақалалары
  • 2013ж –«Маңғыстау мұғалімі» -  «Жақсы ұстаз – жан азығы»,
  • 2013ж  -«Білім бәйтерегі» кітабы - «Мектебімде жас жүректен із қалған», «Тәрбие білім бастауы», «Өнерлі тұлға» мақалалары
  • 2014ж – «Маңғыстау мұғалімі»---  «Сабақ – мұғалім ізденісінің жемісі» мақаласы
  • 2014 ж --- «Маңғыстау әдіскері» журналы --- «Заман талабы- жаңартылған сабақ»  мақаласы
  • 2014ж –  «І халықаралық оқытушылар сайысы «Менің инновациялық сабағым» эссе жинағы», 1-том --- Бұлақ көрсең көзін аш», Астана
  • 2015ж – «Мектеп тынысы» мектепішілік ақпараттық-танымдық журнал «Менің тілім- менің білімім»
  • 2017 ж –  «Білім жолы нұрлы жол» республикалық ұстаздарға арналған басылым «ҰБТ – болашаққа қадам» коучинг жоспары
  • 2017 жыл --- «Жаңартылған бақдарлама- білім берудің жаңа мазмұны» «Маңғыстау мұғалімі» газеті
  • 2017 жылы ----- «Ауыл мектебінде білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» республикалық «Тағылым»  журанлы

Оқушы жетістігі:

  • 2011ж – Сабитова Гаухар, ағылшын тілі аудандық олимпиада ІІ, ҰБТ-25 ұпай, КазГУ, грант
  • 2012ж --- Екпін Ғалия, ағылшын тілі, аудан І, облыстық полиглот ІІІ
  • 2013ж ---Кульназарова Дина, ағылшын тілі, ауд І, облыс ІІ, полиглот Ауд І, облыс ІІ
  • 2014ж – Кульназарова Дина  Жеңіс күніне арналған ағылшын тілінде шығарма аудан І
  • 2015 ж – Түгелбай Едіге, ағылшын тілі аудан І, облыс ІІІ орын
  • Қайыр Еркебұлан ағылшын тілі аудан І, облыс ІІІ
  • 2016 ж – Кульназарова Дина, ағылшын тілі аудан І орын, облыс ІІІ орын
  • 2017 ж – Құрман Алмас, ағылшын тілі пәні аудан І, облыс ІІІ
  • Гумарова Гүлнұр ағылшын тілі пәні аудан І, облыс ІІІ 

Соңғы жаңалықтар

МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де та ...

29 наурыз 2019
СҮЙІНШІ,АҒАЙЫН!!!

 Алматының төрінен Оқушымыз Данаева Айжан Жарылғасқызы би өнерінен 1 орынды иеленді.Жарайсың бала ...

26 наурыз 2019
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназия ұжымы наурыз мерекесін тойлады

Қазақтың осы бір тамаша дəстүрлі мейрамын боямасыз.табиғи түрде білім ордасында тойладық.Осы апт ...

15 наурыз 2019
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұр ...

13 наурыз 2019
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған шар ...

08 наурыз 2019